1 қарашадан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі қымбаттайды

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының тарифтеріне өзгерістер енгізілді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық бойынша, электр энергиясының шекті тарифтері өседі:

– 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) – кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;

– 2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

– 9-топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

– 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

– 18-топ ("Степногор ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

– 28-топ ("Жаңажол ГТЭС" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

– 39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

– 48-топ ("Қазхром" ТҰК" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сондай-ақ, электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:

– 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;

– 57-топтың тарифі 56,63 теңге;

– 58-топтың тарифі 26,08 теңге;

– 59-топтың тарифі 22,56 теңге;

– 60-топтың тарифі 3,07 теңге.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?