19 сентября 2024 г. 14:27

Үй иесі қаза тапты: Алматы облысында тұрғын үйде газ жарылды

Фото: ТЖМ

Кеше Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жоғары дәрежемен облыстық ТЖД күштері мен құралдары дереу барған.

Шақырту орнына келген құтқарушылар жарылыстан кейін үйдің шатыры құлап, қабырғалары қирағаны анықтады. Сондай-ақ, үйінділер арасынан 1957 жылғы азаматтың денесі табылды. Тұрғын үйдің өзге тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Жарылыс толқынынан қираған үй былтыр газдандырылған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам газ жарылып кете ме деген қаупін жиі айтып жүрген. Дегенмен, ғимаратта жұмыс істеген барлық техника мамандардың бақылауынан өткен.

– Оқиға салдарынан үй иесі қаза болды. Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайы анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.