086 анықтамасы қашан жойылады?
Қазақстанда 2020 жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап қағаз жүзіндегі 086 формасындағы медициналық анықтама жойылады. Бұл туралы журналистер алдында Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлім етті
.
Алматы, NEGE. Бұл анықтама алынғаннан кейін тұрғындар жылына бір рет тегін медициналық тексеруден өтіп тұруы керек. Тексеру қорытындысын медициналық мекеме автоматты жүйеге тіркейді де, 086у формасындағы анықтаманы талап еткен мекеме сіздің рұқсатыңызбен базадан тиісті құжатты өтіп тұру керек.
«086 формасындағы медициналық анықтаманың қағаз түрі сәуір-мамыр айларынан бастап жойылады. Алдын алу шараларына сәйкес, адам жылына бір рет тегін медициналық қаралудан өте алады. Ол медициналық жазбалар автоматты жүйеде сақталып, басқа мемлекттік органдардың, мәселен, Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша, тек сіздің келісіміңізбен ғана мәліметтер өңделіп, анықтама автоматты түрде көрінеді», – дейді вице-министр.