Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде Жаңақорған ауданында блогердің ұсталғаны жөнінде ақпараттар жарияланды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған оқиға бойынша Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп жазылған департамент хабарламасында.