Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты.

«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан