Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасаған

Ақтөбе қаласының полиция басқармасына екі әйел алаяқтық туралы арызданды, деп хабарлайды polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Ақтөбе, NEGE. Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 млн теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған. "Қызметі" үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған.

Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударған. Алайда уәде етілген несиені де, өз ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?