Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

Ақтөбе қаласында екі бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті.

ғаламтордан

Алматы, NEG. Екеуі де жансақтау бөліміне түсті.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 және 7 мамыр күндері екі бала бесінші қабаттан құлап кетті. Бірі екі, екіншісі 5 жасар.

- Қараусыз қалған екі жасар бала терезеден құлаған. Бала аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы ауыр. 7 мамырда кешкі уақытта бес жасар баланың да көпқабатты үйдің бесінші қабатының терезесінен құлағаны туралы тағы бір хабар түсті. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Анасы мен баласы облыс орталығына Шалқар ауданынан келгені анықталды. Балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге баланы балконға жалғыз шығармаған дұрыс,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 5 бала терезеден құлап кетті.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды