Иран Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

Иран президенті Эбрахим Раиси Шығыс Әзірбайжанның солтүстік-батысында тікұшақ апатынан 63 жасында қаза тапты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұшақ бортында президенттен басқа сыртқы істер министрі Хусейн Амир Абдулахиан, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малик Рахмати және Тебриз имамы Мұхаммед Әли әл-Хашем болған, олардың барлығы қаза тапты.

Раиси 2021 жылы Иран президенті болды. Бұған дейін саясаткер Иранның Жоғарғы судьясы және бас прокуроры қызметін атқарған.