Қытайда екі рет жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар түнде Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3.

Магнитудасы – MPV 4.7.

Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік-батыс бойынша 41,07°. 78,55°ш.б.

Тереңдігі – 5 км.

«Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ», - делінген хабарламада.

Таңғы сағат 4:15-те ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде, Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Бір күн бұрын Қытайда үш рет жер сілкінген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді