Жасөспірім депутатты таспен ұрды

Оңтүстік Кореяда депутатты таспен ұрған 14 жасар жасөспірім психиатриялық ауруханаға жіберілді, деп хабарлайды El.kz.

Видеодан алынған кадр

Астана, NEGE. Шабуыл нәтижесінде саясаткер Бэ Хён Чжин басынан жарақат алды.

Күдікті Сеулдің оңтүстігіндегі шабуыл орнында қамауға алынып, ата-анасының қатысуымен жауап алынғаннан кейін ауруханаға жіберілді.

Жасөспірімнің шабуылдаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда жас жігіттің саясаткерге қол көтермес бұрын оны әңгімеге тартқанын көруге болады.

Ол Бэ құлағаннан кейін де тас секілді затпен ұруды жалғастырған. Әйел қарсылық көрсетіп, қорғанбақ болған. Осы уақытта басқа біреу келіп қалып, оны арашалап алған.

Бэ ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді