Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ширек финалда Асланбек әзірбайжандық Сархан Алиевті жеңді. Есеп - 5:0.

Төрешілер Шымбергеновтің басымдығын мойындап, қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама иеленді.