Елімізде 2028 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Қазақстан 2028 жылы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

inbusiness.kz

Астана, NEGE. Қазақстанның өтінімінде турнир өтетін орын ретінде Астана мен Алматы таңдалды. Әлем чемпионатын өткізуге Франция да (Париж және Лион) үміткер.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2021 жылдан бері жыл сайын элиталық дивизионда өнер көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта Чехияда өтетін турнирде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Польша, Швеция, Словакия, Латвия және Франциямен топтық кезеңдегі кездесулерін өткізеді.

2025 жылы әлем чемпионаты — Швеция мен Данияда, 2026 жылы — Швейцарияда, 2027 жылы — Германияда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты