Алматы облысында су тасқыны болды

Алматы облысында су тасқыны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ашық дерек көздері

Алматы, NEGE. "21 наурызда сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еру салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны болды. Жалпы су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды", - делінген "ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарламасында.

Қазіргі таңда еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады