«Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды

«Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды. Полиция осыған қатысты іс қозғады.

Ақмола облысы ПД

Алматы, NEGE. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 21 шілдеде болды.

«Биылғы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Айта кетсек, бояу тиелген фураның жолдың үстінде аударылып қалғандығы туралы әлеуметтік желіде видеожазба тарады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді