Су басқан өңірлерде қанша волонтер жүр

7 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова волонтерлардың жұмысы және су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Amanat партиясы

Астана, NEGE. Оның айтуынша, еліміздің 13 өңірінде гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Манғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында.

Сондай-ақ ресми өкіл гуманитарлық көмек жинау алгоритмдерін түсіндіру үшін жедел топ құрылғанын да жеткізді. Ал олар WhatsApp мессенджерінде бірыңғай чат бойынша жұмыс істеуде.

"Бүгін елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп, волонтерлер да оған белсенді ат салысуда. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап министрлік Ұлттық волонтерлік желімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп "Күшіміз бірлік" акциясын жариялады. Қазіргі уақытта барлық өңірлерде волонтерлердің фронт-офистерінің базасында волонтерлік штабтары құрылып, 20 мыңнан астам волонтерлер тартылды",-дейді ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін