Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды

Шахтинск қаласынан екі шақырымдағы Ленин атындағы шахта аймағындағы жасанды су қоймасында 1958 және 1967 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖД

Алматы, NEGE. Өңірлік ТЖД мәліметінше, олар 1 маусымда қайықпен су айдынына шығып, сол күйі кері оралмаған.

"2 маусымда сағат 04:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен жағадан 500 метр қашықтықта моторлы қайық ішінен 1958 жылы туған ер адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда", – делінген хабарламада.

Ал 1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті және еріктілердің күштері жұмылдырылды.

 

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды