Зарина Раифова пара дзюдодан Гран-при турнирінде алтын алды

Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды, деп хабарлайды Kazinform. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні Зарина Раифова J2 санаты бойынша 70 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстандық парадзюдошы финалда кубалық қарсыласын вазари әдісімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ Аяла Мереке дәл осы санатта 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков J2 санаты бойынша 90 кг салмақта үздік үштікке ілікті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында барлығы 5 медаль жеңіп алса, оның екеуі – алтын, үшеуі – қола.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады