Мария Дмитренко Әлем кубогында чемпион атанды

Стенд атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 'Трап' бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: Zakon.kz

Алматы, NEGE.Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.

  • Мария Дмитренко — 40 ұпай;
  • Фатима Галвез — 39 ұпай;
  • Алессандра Перилли — 32 ұпай.

Мария Дмитренконың Әлем кубогындағы үздік нәтижелері:

  • екі алтын (2023, 2024);
  • екі күміс (2021, 2023);
  • үш қола (2021, 2022).

Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынап жатыр.

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.