Бурабайға демалуға келген 10 бала ауруханаға түсті

Бурабайға демалуға келген 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Павлодар қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, 2024 жылдың 30 маусымынан бастап, «Edelweiss borovoe» балаларды сауықтыру орталығында болған.

«Бүгін 7-шілде күні сағат 11:30 шамасында 10 бала науқастанып, Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог қарады, ЖРВИ-де жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады», - деді ведомстводан.

Айтуынша, алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойлыған

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр