Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды