Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның — 9 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы Казгидромет мәлім етті.

Қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.

Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деп күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды