Тағы бір шабуыл: Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды

Желіде бейтаныс ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: Instagram видео скрині

Астана, NEGE. Тираж редакциясының Instagram-дағы парақшасы оқиға 10 ақпанда Щучье қаласында болғанын жазды. Шабуыл жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болған.

Кадрларда фельдшердің бейтаныс ер адам мен жедел жәрдем жүргізушісін ажыратпақ болғанын көруге болады.

Zakon.kz тілшісі Ақмола облыстық полиция департаменті мен Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салды.

«Ақмола облысының полиция департаменті Щучье қаласындағы жанармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесін жарақаттаған ер адамды анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- дейді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады