Ерлан Тұрғымбаев бес жылға шартты түрде сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деп айыпталған экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұл іс «ҚҰПИЯ» деген белгімен кінәні мойындау нысанында іс жүргізу келісімімен келіп түсті. Сондықтан оның қаралуы жабық сот отырысында өтті.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Бұл ретте ҚК-нің 63-бабы негізінде жазаны пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп айқындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді.