Абай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Абай облысының жол қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

baq.kz

Семей, NEGE. Республикалық маңызы бар автожолдарды су шайып кетпес үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, алдын ала су басу қаупі бар аймақтар анықталды.

Бүгінде сол анықталған аумақтан қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары да жолшылардың басты назарында,- деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Абай облысында биыл қыста былтырғыға қарағанда 2 есеге көп жауын-шашын түскен.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті