Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Ғайсағали Сейтақ

Орал, NEGE. "Қазгидромет" РМК БҚО филиалының 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 ( 3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 ( 29, 850 см), Тайпақта 514 ( 10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге ( 11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.
Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 ( 18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.
Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см ( 3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді