Көлік қатынасы қайта жанданды

 «Самара-Шымкент» республикалық күрежолдың Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары бағытындағы көлік қатынасы қайта жанданды, деп хабарлайды 24.kz.

24.kz

Алматы, NEGE. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, бес тәуліктен бері мұндағы қозғалыс шектелген болатын. Салдарынан 550 жеңіл көлік пен 3 мыңға жуық жүк көлігі межелі жеріне жете алмай, орта жолда қалып қойған еді. Мұның арты «Ақтөбе-Хромтау», «Хромтау-Қарабұтақ» учаскелерінде 30 шақырымдық кептеліске әкеп соқты. Коммуналдық қызмет мамандары жолды аршыған соң, көліктің барлық түріне жол ашылды.

Айта кетейік, республикалық күрежол арқылы күн сайын 10-15 мың автокөлік өтеді.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады