Астанада автобустан құлап түскен жолаушы үшін жүргізуші жазаланды

Астанада автобус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен келе жатып, жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz

Алматы, NEGE. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кіріп, көліктің есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кетеді. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпаған жолаушыларға да наразы болды.

"Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды", - делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті