Қазақстан қоржынына қола медаль түсті

IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жарыс жолында бірінші және екінші орынды Қытай (Ли Жинзи – 1:40.803 және Янг Жингру –1:40.996) спортшылары иеленді. Мәре сызығын 1:41:600 көрсеткішімен үшінші болып Полина Омельчук кесіп өтті.

Осылайша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар.

Еске сала кетейік, шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды.  

Айта кетелік, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді. Канвон ареналарында Қазақстан намысын спорттың бес түрі бойынша (9 дисциплина) 41 спортшы қорғайды. Алғаш болып жарыс жолына биатлоншылар шығады (жекелей сын), сондай-ақ, шорт-трекшілер 1500 мерде бақ сынаса, тұғырдан секіруден Қазақстан командасы да өз өнерін көрсетеді. Хоккейшілер алғашқы іріктеу турнирін Польша құрамасын қарсы өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды