Алматыда «Onay» жүйесі істен шықты

Алматыда қоғамдық көліктерде «Onay» төлем жүйесі жұмыс істемей қалды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «DDOS шабуылына байланысты кейбір пайдаланушылар мобильді қосымшалардың кейбір қызметтеріне, көлік карталарын толтыруға және QR арқылы төлеуге шектеулер болуы мүмкін»,- деп хабарлады Алматы көлік холдингінінен.

Қоғамдық көліктерде орналасқан «Onay» төлем құрылғысы жұмыс істеп тұр. Жол жүру ақысын көлік карталары, SMS және Оnay мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

«Мамандар мәселені шешіп жатыр.Келтірілген жайсыздық үшін кешірім сұраймыз»,- деп атап өтті компаниядан.

Кейін Алматы көлік холдингі кемшіліктер жойылғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр