Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: алғашқы финалист белгілі болды

Хоккейден жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатының алғашқы финалисі Швеция құрамасы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Турнирдің жартылай финалдық матчында шведиялық хоккейшілер Чехия құрамасын жеңді. Гетеборгтағы аренада өткен ойын 5:2 есебімен аяқталды.

Швеция құрамасы сапында Йонатан Леккеримаки дубль авторы атанса, Тео Линдштейн, Аксель Сандин Пелликка және Ноа Өстлунд бір-бір голдан соқты. Чехиялықтар сапында Маттиас Меловски мен Томаш Цибулька гол соқты.

Екінші жартылай финалда АҚШ пен Финляндия құрамалары кездеседі.