БҚО-да өз әйелін өлтірген 73 жастағы зейнеткер 10 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, зейнеткер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды.

Орал қаласында ер адам өзімен 48 жыл бірге тұрған зайыбын өлтірген.

«Зейнеткер өздерінің тұрып жатқан пәтерінде әйелін соққыға жығып, аяқкиімнің бауымен қылғындырып, сосын қолымен мойнынан буындырып өлтірген. Сот отырысында сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, қылмысын мойындайтынын көрсетті», - деп хабарлады ведомстводан.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды