Степногор қаласында жылу мен жарық өшіп қалды

10 ақпан күні сағат 13:27-де қалада 220 кВ KEGOK желісінің бойында электр қуаты үзілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ЖЭО мәліметінше, сағат 14:07-де электр қуатын беру қалпына келтірілді.

Жылыту мәселесіне келсек: сағат 14:15-те 5-энергетикалық қазандық пен ыстық су қазандығының тұтануы басталды. 14:20-да жылу магистраліндегі айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС сорғыларды іске қосып жатыр.

Қала әкімдігі тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Былтыр желтоқсан айында Степногорск қаласында 30 градус аязда бірқатар үйдің тұрғындары жылусыз қалған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?