Таразда өртеніп кеткен шырша қалпына келтірілді

Таразда 31 желтоқсан күні таңертең өртеніп кеткен шырша қалпына келтірілді.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалықтар үшін қуанышты жаңалықты "В Таразе всегда солнечно" Telegram-арнасы жариялады.

"Қаламыздағы барлық қиыншылық мен қолайсыз ауа райы өртенген шыршамен бірге кетсін, ал жаңа шырша бақытты өмірдің символы болады", - делінген жазбада.

Еске салайық, 31 желтоқсанда Таразда шырша өртенген болатын. Полицейлер өрт қойды деген күдікпен 56 жастағы қала тұрғынын ұстады.