Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Шабуылшы Никита Михайлис хет-триктің авторы атанды.

Ұлыбритания - Қазақстан 2:5 (1:0; 0:2; 1:3)

1:0 - Кирк (Холберт) - 05:40

1:1 - Михайлис (Савицкий, Гренц) - 28:16

1:2 - Михайлис (Орехов, Савицкий) - 31:54

1:3 - Шестаков (Старченко) - 42:35 ГБ

2:3 - Руопп (Кирк) - 45:23

2:4 - Старченко (Михайлис) - 47:59

2:5 - Михайлис (Старченко) - 59:27 ПВ

Қақпашылар: Уистл (Боунз 29:36 -60:00) - Шутов

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, ұлттық құрама елордада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресейге 0:1, Беларуське овертаймда 4:5 есебімен жеңілді.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек