Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды

Ақтөбеде жоғары оқу орнының белсенді студенті көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидасын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform. 

instagram.com/_bkbrgnv

Алматы, NEGE. Оқиға 19 мамыр күні тіркелді.

Қазір Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

— Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодесінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидасын бұзу дерегі бойынша іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деді Ақтөбе станциясындағы ЖПБ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар қызметінің жетекшісі Роза Төлегенқызы.

Айта кетейік, студент өте белсенді болған. Ақтөбе студенттері альянсының атқарушы директоры қызметіне де биыл тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті