Түркия үкіметі су тасқынымен күресте Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркия үкіметі қазақ халқына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Anadolu 

Алматы, NEGE. «Қазақстанның түрлі аймақтарындағы су тасқыны жағдайының салдарын өкінішпен қабылдадық», - деп хабарлады Түркия Сыртқы істер министрлігі.

Су тасқыны үлкен шығын әкеліп, су басқан аймақтарда тұратын қазақстандықтарды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Қазақстан халқы мен үкіметіне шын жүректен тілектестігін жеткізген министрлік су тасқынымен күресте Түркия Қазақстанға кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Құрылтайды кім басқарады?