25 февраля 2024 г. 11:19

Сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісі туралы: Жағдай тұрақты, қауіп жоқ

Фото: gov.kz

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев Алматыдағы жағдайдың тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ол қаладағы сейсмикалық жағдайға арналған шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Жағдай тұрақты. Бүгінде қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық сейсмикалық станса, барлық бақылау пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мониторинг бақылау түрлері бойынша жүргізіледі - гидрохимия, гидрология, GPS бақылаулары. Ешқандай ауытқулар тіркелген жоқ", - деді Дәулет Сәрсенбаев.