Ресей депутаты Қазақстанды «нацистерден» тазартуды ұсынды

Мәскеудің қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов «Қазақстанды «денацификациялау» және «демилитаризациялау» қажет» деп ұсыныс жасады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады. 

kaztag.kz

Алматы, NEGE. «Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау Украина, Ресей және Еуропа халықтарын тұрақты қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Ресейдің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Украинадан бөлек, Прибалтика (Литва, Латвия, Эстония – ред.), Польша, Молдова және Қазақстанды денацификациялау және демилитаризациялау аймағына кіргізу қажет», – делінген Савостьянов қол қойған құжатта.

Бұл құжатты Ресейдің федеральды бюроның мүшесі – «Яблоко» партиясының мәскеулік филиалы басшысының орынбасары Кирилл Гончаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

Гончаровтың өзі «Ұят-ай!» деп бір сөзбен түсініктеме қалдырыпты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?