Шенген визасы 12% қымбаттады

Шенген визасының ақШенгеысы өсті. Еуропаға сапарлағысы немесе жұмыспен барғысы келетін қазақстандықтар үшін виза 12 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Schengenvisum.info

Алматы, NEGE. КТК телеарнасының хабарлауынша, Шенген визасы ересектер үшін 80-нен 90 еуроға өсті. Ал балалар бұған дейін визаны 40 еуроға рәсімдесе, енді оның құны 45 еуро болды.

Еурокомиссия бекіткен жаңа тариф 11 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұған Еуроодақ елдеріндегі инфляция әсер еткен. Дегенмен ресми Брюссель визалардың ішінде ең қолжетімдісі Шенген екенін атап өтіпті. Мәселен Америка Құрама Штаттары, Аустралия мен Ұлыбритания визалары адам басына 130 еуродан басталады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды