Сарыағашта әйел мешітте жаюлы жатқан кілемдерді ұрлап кеткен

Полиция қызметкерлері мешіттен кілем ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Kazinform. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жедел іздестіру шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келіп, ішінде төсеулі тұрған екі бірдей кілемді алып кеткен.

«Тәртіп сақшылары әйелден айғақты зат ретінде кілемдерді тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады