Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Бари (Италия) челленджер жарысының жартылай финалына өтті.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэнің меселін қайырды.

Қазақстандық-португалиялық жұп 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Олар сағат жарымға созылған ойын барысында 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Аргентиналық-румыниялық дуэт 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Ж.Құламбаева – Ф.Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Жібек Құламбаева жекелей сында осы доданың алғашқы айналымында әлемнің 102-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуадан өте алмады – 3:6, 2:6.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді