Алматыда қонақ үй өртенді

12 маусымда Алматыда таң ата өрт шықты. Қала аудандарының бірінде қонақүй жанды.

ТЖД

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.

«ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оиға орнына 6 минутта жетті. Өрт сөндірушілер 2-қабатты қонақүйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт бутиктерге таралып үлгерген. Дереу өрт оқпандары жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға берілді, өртті сөндірудің 3 учаскесі құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп хабарлады департаменттен.

Қонақүй әкімшілігі мәлім еткендей, адамдар дереу сыртқа шығарылып, өрт орнынан 4 газ баллоны шығарылды.

Өрт 06-45-те оқшауланып, 07-00-де сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД 21 техника, жеке құрамынан 75 адам жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған