Екібастұз МАЭС -2-ні жаңғырту кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырылған

Екібастұз 2-МАЭС жаңғырту кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырылған, деп хабарлады прокуратура.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңге.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім