Ақтөбеде балалардың бетіне бұрышты газ шашқан жасөспірім шекарада ұсталды

Ақтөбе қаласындағы көпір үстінде жүрген балалардың бетіне бұрышты газ шашқан күдікті табылды. Ол Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында болған оқиға әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Онда 11 шағын аудандағы көпір үстінде жүрген балаларға бейтаныс адамның кішкентай құтыдағы газ баллонын қолданғаны белгілі болды. Балалар сол кезде айқайлап, біреуі қаша жөнелген. Осыдан кейін жасөспірімді іздеу жұмысы жүргізілді.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері шекарадан өтпек болған кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады. Ол бұзақылық ісі бойынша іздеуде болды. Балаларға қарсы газ құтысын қолданған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады