Астанадан шыққан жолаушылары бар автобус Ресейдегі тасжолда өртеніп кетті

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

t.me/mchs_04

Алматы, NEGE. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те түсті. Автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрді.

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала, барлығы эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды