Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі 755 сантиметрге жетті

Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі бір тәулікте 12 сантиметрге көтерілді, деп жазады inbusiness.kz .

inbusiness.kz

Орал, NEGE. "Қазгидромет" РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың 14 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі 755 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Жайық деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде 1 сантиметрге (803 см, қауіпті деңгейі – 1 250 см) төмендегенімен, басқа тұстарда жоғарылағаны байқалады. Айталық, Оралдан басқа Көшім ауылы тұсында өзен деңгейі 739 ( 21 см), Тайпақта 448 ( 8) сантиметрді көрсетті.

Оған қоса Көшім каналындағы су деңгейі 4 сантиметрге өсіп, қауіпті шектен (800 см) 7 сантиметрге асып кетті.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданында Рубежка өзеніндегі су деңгейі 816 сантиметр ( 7, қауіпті шегі – 1000 см) болды.

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түскен.

Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы күрес жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады