Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Білім додасында оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі

Алматы, NEGE. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола бар.

1-орын: Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

2-орын: Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

2-орын: Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

3-орын: Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

3-орын: Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы;

3-орын: Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысу арқылы осы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалып, тәжірибе жинайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды