Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды

15 маусымда Талдықорғанның демалыс орындарының бірінде оқ атылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жетісу облысының полиция департаменті бастапқыда тәртіп сақшылары жанжалдың барлық мән-жайларын анықтап, тексеру жүргізіп жатқандарын хабарлады.

Кейінірек ПД төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталғанын айтып, олардың бірі әскери адам екенін растады.

"Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі - әскери қызметші. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді", - делінген хабарламада.

 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін