Қырғызстанда турист құздан секіремін деп ажал құшты

Аламудун облысында шетел азаматы құздан секіру кезінде қаза тапты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аламудун облысында шетел азаматы құздан секіру кезінде қаза тапты. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Flyjump спорт кешенінің иесі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кабар ақпараттық порталының мәліметінше, бүгін сағат 13:30 шамасында Татыр ауылына қарама-қарсы орналасқан Flyjump спорт кешенінде жардан секіру кезінде аспалы жол үзіліп, салдарынан 1985 жылы туған Б.А. есімді азамат оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті Аламудун аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, тергеуге дейінгі іс қозғалды, деп жазды Казинформ. 

 

Қазір оқып жатыр

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Құрылтайды кім басқарады?