Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік жанып кетті

Атырау облысында жол бойында ішінде Өзбекстан азаматтары отырған жеңіл автокөлік өртенді, деп жазады inbusiness.kz .

ТЖМ

Атырау, NEGE. Оқиға Мақат ауданында республикалық маңызы бар "Атырау – Ақтөбе" автожолының 31 шақырымында болған.

Өрт сөндірушілер Өзбекстан Республикасының 3 азаматын тілсіз жаудан құтқарып қалған. Оларды кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы қарауына алған.

Өрт сөндірілген, себебі анықталып жатыр.